Алматыда Бауыржан Момышұлының муралы пайда болды
Алматыда даңқты батыр Бауыржан Момышұлының муралы пайда болды.
Алматы, NEGE. Көпқабатты үйдің қабырғасындағы сурет көптің көңілінен шыққан. Мурал Момышұлы көшесінің бойындағы үйдің сыртына салынған. Аты аңызға айналған батырдың суретінің қасында оның "Ерлік тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады" деген сөзі жазылыпты.