25 апреля 2023 г. 13:52
Алматыда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу қашан басталады?
Алматыда 2 мамырда сағат 18:00-ден бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады.
Алматы, NEGE. Бұл www.damubala.kz жаңа порталы арқылы жүргізіледі. 26 сәуірден бастап үйірмелер мен секциялардың иелері қызмет көрсетуге өтінім бере алады. Биыл балалар спорты және шығармашылық саласында мемлекеттік тапсырысты іске асыру өкілеттігі аудан әкімдіктеріне берілді.
Бұл заң бұзушылықтың алдын алып, кемшіліктерге кеңшілік бермейді. Өтінім қарау және ваучерлерді бөлу мемлекеттік тапсырыс үшін қаржы көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.
Алматы қаласындағы жеткізушілер мен ата-аналар үшін платформаны әзірлеушінің Telegram қолдау қызметі бар:
Ата-аналар үшін: https://t.me/almatydamubala
Жеткізушілер үшін: https://t.me/almatypostavshik.