Алматыда бала жоғалды

Алматы қаласының полициясы 1 қыркүйек сағат 13.00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған кәмелетке толмаған 2011 жылғы Месут Мырзақұловты іздеуде.

Алматы, NEGE. Іздеуде тұрған адамның белгілері: бойы 125 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Арнайы белгілер жоқ. Ол жолақ сызықтары бар жасыл-ақ түсті жейде, қара көк шорты, ақ бауы бар қара көк түсті кроссовка киген.

Месут Мырзақұловтың қайда екендігі туралы білетіндерден тез арада 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 немесе “102” нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз, – деп полицейлер қазақстандықтарға өтініш білдірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып дабыл қақты