Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті

Алматыда жүлде қоры 82,5 млн теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті.

Алматы, NEGE. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар шеберлігін көрсетті. Жеңімпаздар марапат пен сыйлықтарға ие болды, ал көрермендер қызықты жарыстар мен әдемі қойылымдарды тамашалады.

Чемпионат аясында екі миллион теңгелік жүлде қоры бар ұлттық киімдер байқауы өтіп, Бақытгүл Пардаева жеңімпаз атанды.

Финал Алматы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтті. Келесі жылы қатысушылар санын арттырып, жүлде қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды