Алматыда автотұрақтар қала меншігіне қайтарылды

Алматыда автотұрақтар қала меншігіне қайтарылып, тақтайшалар ауыстырылып жатыр, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алматы, NEGE. Алматыда бірыңғай оператор — «Алматы паркинг» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Жаңа ақпараттық тақталарда жаңа оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі.

Алғашқы автотұрақ Медеу ауданында іске қосылып, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Жаңа ақпараттық тақтайшалары бар аудандар фото-бейнетіркеудің мобильді кешендерімен бақыланады.

Бағдарламалық жасақтамасы толық іске қосылғанға дейін бұрын қаланың автотұрақтарын басқарған «А — parking» компаниясы төлем қабылдайды. Осы кезеңде жиналған барлық қаражат бірыңғай оператордың шотына беріледі.