Алматыда автотұрақтан өрт шықты

Алматыда қараусыз тұрған автотұрақтан өрт шықты.э

Алматы, NEGE.  Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 3 қыркүйекте Бостандық ауданында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бригадалары шақырту түскен Рысқұлбеков 35 мекенжайына барған. Келгеннен кейін, бес минутта қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар мен ескі көліктер өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру қондырғылары енгізіліп, цистерналарға гидранттар орнатылған және сумен үздіксіз қамтамасыз етілгені айтылды. Сағат 17:28-де жалпы алаңы 40 шаршы метрді шарпыған өрт 30 минутта сөндірілген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды