Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды
Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушыларды тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Бұл жолы 118-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі “елден ерекшеленді”. Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатты.
– Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.