Алматыда автобус өртенді

Алматының Медеу ауданында автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, сағат 8:27-де өртсөндірушілер Төле би және ШААЖ көшелерінің қиылысында "ЛиАЗ" автобусы жанып жатқанын анықтаған. Өрт аумағы 25 шаршы метр болады. Өрт кезінде кабинада жолаушылар болмаған.

Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін дереу көбігі бар бөшкелер берілген, автобус құрылымдарын салқындату жұмыстары жүргізілген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 08:45-те оқшауланып, тағы бес минуттан кейін сөндірілді.