Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

Алматыда жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысты. Оқыс оқиға бүгін 09:30 шамасында болған.

Алматы, NEGE. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін, 27 сәуірде сағат 09: 30-да болған. «№ 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді Алматы қаласы ДП тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Аталған деректі Түрксіб аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды