Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті

Әлеуметтік желіде Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің сөзінше, үш адам қаза тапқан.

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше,  47-маршруттағы автобустың жолаушысы жүргізуші-әйелді ұрып, есінен тандырғаннан кейін автобус бір топ адамды қағып өтіп, 4 көлікті соққан.

"Осы оқиғаның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды”, - делінген полиция таратқан хабарламада.

Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ