Алматыда ауа сапасы нашарлайды

2 қарашада қазақстанның бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматы қаласында жағымсыз метеожағдай қалыптасады. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.