Алматыда атыс шығарған ер адамның терезеден секірген видеосы жарияланды

Алматыда атыс шығарған ер адам терезеден секіріп кеткен.

Алматы, NEGE. "Менің ойымша, ол секіріп кетті. Оның терезесінен түтін шығып жатыр", - дейді тұрғындар.  

Бұған дейін оқ атқан адамның терезені сындырып, пәтерде фонарьмен отырғандығы хабарланған болатын.

Тұрғын үй кешенінің 17-қабаттынан секірген ер адам қаза тапты.

Еске салайық, жергілікті тұрғындардың ақпаратынша ер адам мен күзетші диванға қатысты жанжал шығарған.

Олардың арасында келіспеушілік болып, нәтижесінде ер адам күзетшіге оқ жаудырды. Ер адам тоғыз сағат бойы пәтерден шықпай қойған.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды