Алматыда атыс шығарған ер адамның кім екені белгілі болды
Алматыда атыс ұйымдастырған адамды үйінен шығаруға қатысты жанжал неден басталғанын адвокат айтып берді.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, іс 2000 жылдардың басынан жүргізіліп келеді.
Отбасылық адвокат Дужновтың қандай адам болғанын сипаттай алмайтынын, себебі жұбайы Анаидпен көбірек сөйлескенін жеткізді. Бірақ қарапайым отбасы екенін айтып қалды.
54 жастағы Игорь Дужнов 2009 жылы тіркелген "Нано плюс" ЖШС басшысы ретінде көрсетілген. Компания автомобиль бөлшектерін, керек-жарақтарын сатумен айналысқан.
Бизнесмен Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының бизнес-клубының мүшесі болды және БАҚ алдында ара-тұра сөз сөйлеп жүрген. Сұхбаттарының бірінде ол қаражаттың жоқтығына және жиі тексерулерге шағымданған.
Дужновтың әйелі Анаида Демирчян да бизнеспен айналысқанға ұқсайды. Ол "Золотое руно" атты Сұлулық және денсаулық орталығында байланыс тұлғасы ретінде көрсетілген.
Дужновтың әйеліне тиесілі үй банктердің бірінде кепілдік мүлік ретінде тіркелген. Ұзақ сот процестері барысында тұрғын үй банктің меншігі болып танылып, аукционда сатылды.
Сондай-ақ Игорь Дужнов қайырымдылықпен айналысқан екен. Мәселен, 2009 жылы медицина қызметкерлері күніне орай ол басқа да кәсіпкерлермен бірге қаражат жинап, №4 Қалалық клиникалық аурухана үшін мүгедектерге арналған 15 арба алып берген.