5 сентября 2023 г. 10:29

Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

Фото:

Алматыда әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан "Сансет" мейрамханасында сағат 00:30 шамасында атыс болды.

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, бетперде таққан 4 адам ғимарат ішінде Макаров тапаншасынан оқ атқан. Бір адам қарнынан, ал екіншісі аяғынан жарақат алды.

Бұл деректі Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы тіркеп, тергеп жатыр. 

Қылмыс орнына қалалық ПД бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды.

Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Тегтер: