Алматыда атыс болды

Алматыда атыс болды. Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алматы, NEGE. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Автордың айтуынша, атыс «Ақбұлақ» шағынауданында болды.

Күдікті аңшылық қарудан оқ жаудырған. Қаза болғандардың арасында учаскелік полиция инспекторлары, сот орындаушылары және азаматтық тұлғалар бар.

Алматы қалалық Полиция депараменті әлі нақты ақпарат берген жоқ. Мәліметтер анықталуда.