Алматыда арықтан жаңа туған нәресте табылды

Бүгін, түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан баланы тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, жаңа туылған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез-келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты