Алматыда "Әлем барысы-2019" өтіп жатыр

Бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысуда.

Алматы, NEGE. "Әлем Барысына-2019" байқауына АҚШ, Австралия, Әзірбайжан, Бразилия, Греция, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары қатысады.

Бұл сында ел намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.

"Әлем Барысы" чемпионаты 13:00-де балуандардың жеребе тарту рәсімінен басталды.

"Әлем Барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңгеге ие болады. Ал үшінші орын иегері 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.

"Жеңіске деген жігері үшін" атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты