Алматыда әккі алаяқ ұсталды

Алматыда алаяқтық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ол жұрттың сеніміне кіріп, ипотекаға үй алып беретінін айтып, алдын ала 400-500 мың теңге көлемінде ақша алып отырған. Артынша жоғалып кеткен.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің осындай он қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Ол Қарағандының тумасы болып шыққан. Қылмыстық іс бойынша жұмыс жүріп жатыр.