Алматыда адам өлтірді деген күдіктінің белгілі дәрігерді атқаны анықталды

Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Алматы полициясы 4 сәуірде таңертең адам өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын.

"1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза болды. Қылмыс "ізі суымай" ашылды", - деді тәртіп сақшылары.

Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Алматы полициясы растады.

Шумковтың әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басынан оқ атқан.

Бұған дейін қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болғаны хабарланған еді. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен.

"Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс "ізі суымай" ашылды. Күдікті "Ұстау" арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды", - деді Әбдірахманов.