Алматыда Абай және Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстарының 60%-ы аяқталды

Полимерлі асфальтбетон Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағына Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейін төселген.  Достықтан Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі солтүстік жағында жол ашық.

Алматы, NEGE. Келесі кезең - Әл-Фараби даңғылынан солтүстік бағытта Сейфуллин даңғылына бұрылыс. Аталған учаскені жөндеу жұмыстары 25 шілде сағат 23:00-ден 27 шілде сағат 07:00-ге дейін жүргізіледі.

Даңғылдың оңтүстік жағында алдын ала бақылау жұмыстары аяқталды, шілде айының соңына дейін тұрақты жол таңбалары сызыла бастайды. 

Абай даңғылының оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталып, Тілендиев көшесінен Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі қозғалыс ашылды. Солтүстік жағында Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейін полимерлі асфальтбетон жабыны төселген.

Сонымен қатар, Сайын көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын: бұл Мөңке би көшесі мен ҮАК аралығындағы ұзындығы 2,8 км. Жолдың жөнделген аумағында қозғалыс 26 шілдеде ашылады деп жоспарланып отыр.