Алматыда "А" санатымен 606 адам карантинде жатыр
Алматы қаласында коронавирус инфекциясының табылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтуде.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазір қалада "А" санатындағы елден келген 606 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ, кейінгі санат бойырнша, көпсалалы ауруханада 250, тағы бір медициналық мекемеде 168, тағы бір ауруханада 138 адам жатыр.
"Бүгінгі таңда 4 азаматтан табылды. Мұның бәрі республикамыздың азаматы. Екеуі Германиядан келгенін айттық. 9 наурыз күні келген азамат үйде карантинде жатты. Қазір инфекциялық ауруханада. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар да бақылауда" деді Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ, ол "12 наурызда Германиядан Алматыға келген 12 адам толығымен карантинге жатқызылды. Үшінші науқас Берлин-Алматы рейсімен ұшып келген. Төртінші азамат бүгін анықталды. Ол Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазір емделіп жатқан 3 азаматтың жағдайы қалыпты. Біреуінің ахуалы орташа ауыр жағдайда. Бәрі де вирусқа қарсы ем алуда" деді.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтарды оқшаулайтын 3 медциналық мекеме дайын."Мұнымен қоса 1500 төсектен асатын орын дайындалуда. Қажет болса тағы да қосымша 3 мың адамға орын дайындап жатырмыз" деп жауап берді.