Алматыда 30 мамырдан бастап мешіттер ашылады

Алматыда мешіттер мен шіркеулер 30 мамырдан бастап жұмыстарын бастайды.


Алматы, NEGE. «2020 жылдың 30 мамырынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтай отырып, нысандар жұмысы басталады», - делінген бейсенбі күні редакцияның қолына түскен Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысының сканерленген көшірмесінде.
Бас санитарлық дәрігердің өзіне хабарласу мүмкін болмады, алайда аталмыш құжаттың түпнұсқа екенін Алматы орталық мешіті растады.
«Бізде қазір қолымызда осы құжат бар. Осыған байланысты біз арнайы хабарлама дайындап жатырмыз. Әрине біз үшін бұл қуанышты жаңалық», - дейді мешіт өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?