Алматыда 79 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды
Алматыда балаларын түнгі уақытта қараусыз жіберген 79 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етт. Алматыда «Жасөспірім» жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара барысында балаларын қараусыз жіберген 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.
«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болғаны үшін 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін мекеме әкімшілігінің 2 лауазымды тұлғасы жазаланды Сонымен қатар, алкогольдік ішімдіктерді сатудың жеті фактісі, бір темекі өнімдерін сату деректері анықталды», – деді деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова. Бұдан бөлек, ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 95 жасөспірім жеткізілді.