Алматыда 77 адам коронавирусқа тест тапсырды
Алматыда 77 адам коронавирусқа тестілеуден өтті, деп мәлім
деді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Алматы, NEGE. «Алматыда барлығы бүгінгі таңда 77 мың тестілеу жүргізілді. Оның ішінде 55 мыңы – ПТР диагностикалау тәсілімен, 22 мыңы – шұғыл тестілеу тәсілімен», - деді Бекшин сейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, бірінші кезекте коронавирусқа тестілеу медқызметкерлер арасында жүргізілді – 19 мың тестілеу.
«Алдағы уақытта халықтың басқа топтарына өткіземіз», - деді Бекшин.