Алматыда 74 нысан жазаға тартылды

Алматыда карантин режимін сақтамағаны үшін 74 нысанның қызметі тоқтатылды, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ақпарат бойынша, танымал гастробарлардың бірі сағат 23.00-деп кейін жұмыс істеген. Сонымен қатар, келушілер кальян шегіп отырған, карантин кезінде ондайға тыйым салынады.  

"ӘҚБтК 441-бабы "Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу" бойынша хаттама толтырылды. Бұл кафе жабылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірқатар азық-түлік дүкенінде, дәмхана, донер сататын орында, асханаларда және тағы басқа жерлерде тәртіп бұзушылықтар анықталды.

"Атап айтқанда, маска тақпау, қызметкерлерде қолғап, санитайзер, тері антисептиктері, дезинфекциялық құралдардың және термометрия жүргізу журналының болмауы, сондай-ақ, азық-түлікті дұрыс сақтамау сынды тәртіп бұзушылықтар болды", - деп нақтылады баспасөз қызметі өкілі.

Мониторинг тобы жұмыс басталғаннан бері қала бойынша барлығы 2 353 нысанды тексерді, оның ішінде 136 нысан Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзған. Осыған байланысты 74 орынның қызметі тоқтатылды (оның 56-ы объект басшылығының шешімі бойынша) және анықталған өрескел тәртіп бұзушылықтары бар нысандарға 77 хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр