Алматыда 5 мың кітап тегін таратылды

Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр. Шара барысында мыңдаған кітап тегін таратылды.

Алматы, NEGE. Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында кітап фестиваліне барғанын жазды. «Жыл сайын өтетін VII Kitap Fest кітап фестиваліне қатыстым. Кітап құмарлардың арасында жастардың көптігі қуантады», - деп жазды Алматы әкімі.

Фестиваль аясында кітап дүкендері мен баспалардың үлкен жәрмеңкесі, «Жазушылар шатырында» қазақстандық авторлардың кітаптарының тұсаукесері, пікір мен кітап алмасу, мұрағаттық фотосуреттер көрмесі өтіп жатыр. Фестиваль қонақтары 5 мың кітапты тегін алды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, фестивальге ASHYQ қосымшасында «жасыл» мәртебесі бар қалалықтар қатысып жатыр. Маска режимі де сақталған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?