Алматыда 3 жылда денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы жаңарады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданындағы міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 18 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін «Керуен-Medicus» медициналық орталығының жұмысымен танысты.

Алматы, NEGE. Емдеу мекемесінде халыққа нейрохирургия, нейрореабилитация, урология және тағы басқа қызмет түрлері қолжетімді, сондай-ақ орталық босандыру, педиатрия, хирургия, маммология бағыттары бойынша ақылы қызмет көрсетеді. Клиникада 200-ден жоғары білікті маман жұмыс істейді, мекеме заманауи жабдықтармен, атап айтқанда МРТ, компьютерлік томография, сәулелік диагностика және тағы басқа кабинеттермен жабдықталған. Ерболат Досаев перзентхана кіріп, босанатын әйелдерді құттықтады. Орталық ашылған сәттен бастап (2008 ж.) оның қабырғасында 7,5 мыңға жуық бала дүниеге келді, 2022 жылдың басынан бастап 170 нәресте өмірге келді.