Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді.

Алматы, NEGE. Қазақстандық сейсмологтар сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматыдан 279 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 5.9. Дүмпу Алматыда 2 балл деңгейінде сезілген.

Сондай-ақ сағат 05:58-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.