Алматыда 20 шілдеге дейін аптап ыстық болады
Алматыдағы аптап ыстық 20 шілдеден бастап бәсеңдейді.
Алматы, NEGE. Қазгидрометтің мәліметінше, 20 шілдеге дейін ауа температурасы жоғарылай береді. Түнде – 17… 22 градус болады, күндіз - 35 ... 40 градусқа дейін жетеді.
Тек 20 шілдеден кейін ғана ыстықтың беті қайтады. Түнде 10… 15 градусқа, күндіз 27… 35 градусқа дейін төмендейді.