27 июня 2023 г. 11:50
Алматыда 1 шілдеден бастап жылу 20 пайызға қымбаттайды
Алматы халқы үшін 1 шілдеден бастап жылу 20 пайызға қымбаттайды. Бұл жөнінде Алматы жылу жүйесі ЖШС хабарлады.
Алматы, NEGE. “ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (ТМРКД) 2023 жылғы 23 маусымдағы бұйрығына сәйкес жылумен жабдықтау қызметтеріне тариф 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ұлғайатын болады. Халық үшін жылумен жабдықтау қызметтері құнының өсуі 20% – 5 839,23 теңгеден 7 007,08 теңгеге дейін/Гкал, бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал құрайды. Негізгі жүктеме бюджеттік ұйымдарға жүктеледі, мөлшерлеме 36% -ға - 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңгеге/Гкал-ға дейін ұлғаяды”, – делінген хабарламада.