Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді
Алматыда 1 маусымда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. "Балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда 16 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) тегін жүре алады", - делінген хабарламада.
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтіледі, ол 1949 жылғы қарашада бекітілген.