Алматыда 19 экопост қойылады

Алматыда көктемде қалаға кіретін барлық жолдарға экопост орнату басталады. Онда автокөліктердің шығарындылары тексеріледі. Бұл туралы Алматы әкімінің әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

Алматы, NEGE. Алматыдағы ЖЭО-2 базасында Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі талқылануда. Іс-шараға ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және экобелсенділер қатысып жатыр.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 2020 жылы Алматыда қоршаған ортаға жалпы шығарындылар 140 мың тоннаны құрады. Қала ауасының негізгі ластаушысы – автокөлік, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және жеке сектор. Сонымен қатар, ол 2020 жылы Алматы әкімінің қаулысымен дизельді отынмен жүретін автобустарды сатып алуға тыйым салынғанын атап өтті.

«Бүгінде қалада электрмен жүретін 17 жаңа автобус бар. Биыл тағы 39 автобус сатып алу жоспарда», - деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов. Оның айтуынша, көктемде қалада 19 экопост орнатылады.

«Алматыда көктемде қалаға кіретін барлық жолдарға экопост орнату басталады. Онда автокөліктердің шығарындылары тексеріледі»,-деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр