Алматыда 138 сауда нысаны ашылады

Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеу алынады

Алматы, NEGE. «Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деп хабарлады әкімдік. Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.

Қазір оқып жатыр

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі