Алматыда 116 дәрігер COVID-19 жұқтырған, екеуінің жағдайы ауыр

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда 174 адам коронавирус жұқтырған.

"Олардың 58-і науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі балалар жұқпалы клиникалық аурухананың қызметкері, Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкері, жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері, N 32 қалалық емхананың бір қызметкері, N1 қалалық клиникалық аурухананың қызметкері вирус жұқтырған", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 346 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы - балалар, үшеуі - жүкті әйелдер.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ