Алматыда жолдағы бейнебақылау камераларын істен шығарған ер адам ұсталды

Бейнежүйенің сервер блоктарынан кабельдерді ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеудің осы кезеңінде күдіктінің қаланың төменгі бөлігінде тіркелген төрт ұрлыққа қатысы бары анықталды. Күдікті күндізгі уақытта ұрлық жасап жүрген. Ал өтіп бара жатқандар арасында күдік тудырмас үшін күртеше киіп, бір сөзбен айтқанда, сервистік компания өкілінің атын жамылып, әрекет еткен және ұрлаған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізген.

Талдау жүргізілді, бейнебақылау камераларының мәліметтері зерттелді. Нәтижесінде күдікті анықталып, қамалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты