Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды

Алматыда жолда жанжал шығарған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жолдағы жанжал бейнежазбасы таралды. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған.

Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, соның пішініндегі оттық екені анықталды. Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын, агрессияны қоздыратын кез келген заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ерекше атап өтеді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?