Алматыда жол жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілді

Алматыда жол жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматыда ауқымды құрылыс және жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар қаланың полиция департаменті мен тиісті қызметтері жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдеріне бақылауды күшейтіп, заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуда.

2025 жылдың соңына дейін қаладағы түрлі шағынаудандарда 120 шақырымнан астам жол, тротуар, веложолдар салынып, жөндеуден өтеді, сондай-ақ аялдама кешендері мен жерүсті өткелдері орнатылады.

Полиция қызметкерлері көше-жол желісі нысандарына тұрақты түрде тексерулер жүргізуде. Тек 2025 жылдың сегіз айында ғана жолдарға 2 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеге 140 әкімшілік хаттама толтырылды, 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, жол жамылғысы мен инфрақұрылымда 4 мыңға жуық ақау анықталды. Жолдарды салу мен күтіп ұстау кезінде бұзушылықтарға жол берген мердігер ұйымдар мен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқамалар берілді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы, жол-көлік оқиғаларын азайту және заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру. Мен барлық жол қозғалысына қатысушыны ережелерді сақтауға, мұқият әрі бір-біріне құрметпен қарауға шақырамын. Тек бірлесе отырып, біз жолдарымызды қауіпсіз әрі ыңғайлы ете аламыз», – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Қылышбаев.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін