Алматыда жол ортасында намаз оқыған адам жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерде Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адамның бейнежазбасы тарады. 

Видеодан кадр

Алматы, NEGE. Бейнежазбадан ер адамның дәл жолдың үстінде, көліктің артында намаз оқып тұрғанын көруге болады.

Алматы қаласының полиция департаменті ер адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оның жеке басы анықталып, тиісті әңгіме жүргізілді.

– Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Жолға шығып намаз оқыған Алматы тұрғыны көлік қозғалысына кедергі келтірді. Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізді. 1992 жылы туған азамат С. жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жолда намаз оқуға болмайтынын түсіндірген.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады