25 марта 2025 г. 18:59
Алматыда жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды
Наурыздың ортасында жоғалып кеткен Алматы тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады.
Алматы, NEGE. 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич 15 наурызда жоғалып кеткен. Ол Алатау ауданы, Петровский көшесі, 4-үй мекенжайынан шыққаннан кейін қайта оралмаған.
Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін полицейлер 22 наурызда Алматыда тапқан. Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланбады.