Алматыда жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды

Алматыда қаңтар айында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып, іздестірілген еді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. LIDER отрядының еріктілері 1 ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылғанын жеткізді.

Айта кетсек, бойжеткен биыл қаңтар айында жоғалып кеткен болатын. 2005 жылы туған қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен оралмаған. Ал еріктілерге хабарлама 12 ақпанда түскен.

Дегенмен бір ай іздеу жұмыстарынан соң, ақпан айында қыздың мәйіті табылды. Өлім себебі туралы ақпарат жоқ.

Одан бөлек, ақпан айының соңында Алматының жоғалып кеткен тағы бір тұрғынының денесі табылды. Онымен байланыс 2024 жылдың 16 қаңтарында үзілген. Азамат үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты