Алматыда жеті жүзге жуық студентке шәкіртақы дер кезінде төленбеген: жалпы қарыз 50 млн теңгеге жеткен

Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің студенттері өзіне тиесілі шәкіртақы мен жол жүру ақысын уақытында алмаған.

gov.kz

Астана, NEGE. Колледж студенттерінің құқықтары бұзылғанын қалалық прокуратура анықтаған. 

«Студенттер мемлекеттік стипендия мен жол жүру шығындарының өтемақысын алмаған, жалпы қарыз 50 млн теңге болды», – деп хабарлады қадағалаушы орган.

Прокурорлардың араласуынан кейін оқу орнындағы бұзушылықтар жойылып, берешек толығымен өтелген. Нәтижесінде 676 студент өздеріне тиесілі шәкіртақыға қол жеткізген.