Алматыда жер сілкінісінен кейін жолайрықтар мен көпірлер тексерілді

Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісінен кейін жолайырықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексерілді, деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматы қалалық мобильділік басқармасында жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдеріне тексерулер жүргізілгенін хабарлады.

«Еш зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар, көпірлер мен өткелдерді егжей-тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады