Алматыда жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Алматы полициясы жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікке ілінген жас келіншек мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болады деп, сағатына дейін айтып елді одан сайын дүрліктірген. Тексерулердің нәтижесі бойынша оның іс-әрекетіне құқтық баға берілетін болады.

«Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дерек көздерден алынған ақпаратқа қана сенулеріңізді сұраймын, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

29 жастағы Ж. есімді азаматшаның кінәсі дәлелденсе, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған