Алматыда Жеңіс күні тойланды

Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығы тойланды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтіп, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр