Алматыда жеке тұрғын үй өртке оранды

Алматыдағы Медеу ауданында «Горный гигант» шағын ауданында жеке тұрғын үй өртке оранды. Құтқарушылар жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, құтқарушылар жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде.

Өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан. Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін