Алматыда жеке сектордағы алапат өрт сөндірілді

11 мамырда түстен кейін Алматыда Әуезов ауданындағы жеке үйлердің бірінің шатыры өртенді. Көп ұзамай қызыл жалын жақын маңдағы қоймаға қарай тарай бастады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылданған шаралардың арқасында өрт 290 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Нақтыланған ақпарат бойынша: жеке тұрғын үйдің шатырында өрт шығып, қызыл жалын жеке қоймаға қарай ұласқан.

"Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында көршілес құрылыстарға оттың таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған

Маңғыстау әкімі Қазақстанның туы бейнеленген шайбамен ойнауға рұқсат бермеді

Әлемде әрбір алтыншы бала мектепке бара алмайды – ЮНЕСКО