Жеке балабақша қызметкерінен 20 млн теңге бопсалаған әке ұсталды

Алматы қаласында жеке балалар орталығының қызметкерінен 20 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама орталық қызметкерінен түскен.

«Жеке балабақшадағы педагог бір оқушының әкесінің әрекетіне наразы болған. Сол себепті әкесі қызметкерден 20 миллион теңге талап етіп, жалған ақпарат таратумен қорқытып бопсалаған», – деді полициядан.

Полицияның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері іс-әрекетті дұрыс рәсімдеп, қажетті дәлелдерді жинады.

Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды