Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты

Алматыда жедел жәрдем қызметі реанимация мен диагностикаға арналған заманауи құралдармен жабдықталған JAC Sunray маркалы 48 жаңа автокөлік алды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Оның 12-сі «С» класты және 36-сы «В» класты көлік.

Әкімдіктің қаржыландыруымен 2025 жылы тағы 50 машина сатып алу жоспарланып отыр.

Жедел жәрдем қызметінің 13 қосалқы станциясы бар, соның бірі 2024 жылы «Алтай-1» шағын ауданында ашылған жаңа станция.

Қазір Алматыда 186 бригада тәулік бойы кезекшілік етіп, күн сайын 3 мыңнан астам шақыртуға шығады. Жету уақыты орта есеппен – 12,6 минут. 2024 жылы 142 сәтті реанимация жасалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты