Алматыда жасөспірімдер жүріп бара жатқан жүк пойызына мінгесіп алған

Желіде үш баланың жүк пойызына мінгесіп кетіп бара жатқаны көрсетілген видео тарады. 

Видеодан скрин/egovpress

Астана, NEGE. Көліктегі полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Әлеуметтік желіде тараған жылжымалы құрамның сыртына мінгесіп кетіп бара жатқан адамдар түсірілген бейнежазба негізінде Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасында іс тіркелді», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта оқиға қай күні болғаны, оқиға орны және қатысушылардың жеке басы анықталып жатқанын атап өтті. 

Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға берілмек.