Алматыда «Жасыл ел» жастар жасағының жұмыс маусымы аяқталды

Алматыда 2100 жасты уақытша жұмыспен қамтыған «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмыс маусымы аяқталды.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жоба қаланың Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Үш айдың ішінде жасақтар көшелер мен саябақтарды тазарту, ағаш отырғызу және т.б. экологиялық шараларға қатысты.

«Біз жоғары оқу орындары мен колледждердің 2100 студентін жұмысқа орналастырдық. Келесі жылы бұл көрсеткішті көбейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Үздік 20 қатысушыға Smart TV және электрсамокаттар табысталып, іс-шара концертпен аяқталды. 

Қазір оқып жатыр

Полиция отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың үстінен іс қозғады

TikTok-әкім таксилетіп жан бағып жүр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді